Садақ атудан Қазақстан командасының мүшелері Андрей Тютюн мен Адель Жексенбинова Антальядағы (Түркия) әлем кубогінің финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Турнир барысында қазақстандықтар Бразилия, Словения мен Италияны ұтты.
ҰОК мәліметінше, енді отандастарымыз блоктық садақ атудан аралас командалық сында алтынға таласады. Алтын үшін таласта спортшыларымыз Ұлыбританиямен кездеседі. Матч 22 маусымға жоспарланған.