Қазақстандық рэпер есірткімен ұсталды

27 Желтоқсан 2023, 12:37 1409

Павлодарда продюсер мен рэперден есірткі табылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітовтың айтуынша, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 28 жастағы рэпер ұсталды, оның тұрғылықты жерін тінту кезінде құрамында каннабис бар байлам және телефон табылды. 27 жастағы ер адам иесі болып табылатын студияны тінту кезінде жазбалар мен өсімдік тектес есірткі құралдары, тауарды буып-түюге арналған электронды таразы мен ноутбук табылған.

Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Күдіктілерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: