08.02.2023
18:32
1780
Қазақстандық құтқарушылар Түркияның Газиантеп қаласына қонды

Қазақстандық құтқарушылар Түркияның Газиантеп қаласына қонды

Қазақстандық құтқарушылардың екінші эшелоны Түркияның Газиантеп қаласына қонды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазіргі уақытта жабдықтар мен жеке құрамды түсіру жұмыстары жүргізілуде. Осыдан кейін жаңадан келген құтқарушылар үшін іздестіру-құтқару жұмыстарына арналған учаскелер айқындалатын болады.