07.10.2023
14:50
1038
Қазақстандық қос спортшы Азиаданың қоласына ие болды

Қазақстандық қос спортшы Азиаданың қоласына ие болды

Қытайда өтіп жатқан Жазғы Азия Ойындарында қазақстандық қос спортшы қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Артистік жүзуден дуэт бағдарламасында жарысқа қатысқан 17 жастағы Ясмин Тұяқова/Арина Пушкина қола жүлде алды.

Алтын медальді Қытай командасы иеленді (526.8620 ұпай). 489.4288 ұпай жинаған жапониялық жұп күміс медаль алды. Ал, Қазақстан — 418.6987 ұпай жинап үштікті түйіндеді.