Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада үздік атанды

Қазақстандық оқушылар информатикадан халықаралық олимпиадада төрт медаль жеңіп алды,  деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Боливияның Сукре қаласында өткен информатика пәні бойынша IOI-2025 халықаралық олимпиадасы өз мәресіне жетті. Екі кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы үш күміс, бір қола медаль жеңіп, үздік нәтиже көрсетті.

  • Максим Цой — Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы (күміс);

  • Мансур Мамадахунов — Қызылорда облысы «Білім-инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы (күміс);

  • Әкежан Асқар — Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы (күміс);

  • Даужан Бекетов — Алматы қаласындағы №165 мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы (қола).

Құрама жетекшілері Astana IT University-дің бас жаттықтырушысы Темірлан Сатылханов және Алматыдағы IITU университетінің спорттық бағдарламалау бойынша жаттықтырушысы Айбар Қуанышбай сынды мамандар. 

Олимпиаданың барлық кезеңіне Қазақстан құрамасын дайындауды Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы ұйымдастырды.