Оқушылар арасындағы ең беделді әлемдік пәндік олимпиадалар – IChO, IMO, IPhO, IBO, IGeO, IOL, IOI жалғасуда. Бүгін Таиландта география пәнінен IGeO–2025 халықаралық олимпиадасы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Үш кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы ел тарихындағы үздік нәтижеге қол жеткізіп, екі алтын, екі күміске ие болды. Олар:
Алтын – Талғат Байбусынов, Қарағанды облысындағы НЗМ, 12-сынып;
Алтын – Андрей Енбахтов, Қостанай облысындағы НЗМ, 10-сынып;
Күміс – Болат Ақжол, Жетісу облысындағы НЗМ, 12-сынып;
Күміс – Әлихан Қалмағамбетов, Ақтөбе облысындағы НЗМ, 12-сынып.
Команда жетекшілері: Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың 2-курс студенті Рустам Валеев және халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпазы Абай Дүйсен.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Қазақстан IGeO олимпиадасына 2012 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт аралығында қазақстандық оқушылар 5 алтын, 4 күміс және 7 қола медаль жеңіп алған.