Қазақстандық өнерпаз «Making Asia» халықаралық фестивалінде топ жарды

21 Тамыз 2023, 12:28 1065

Қазақстандық өнерпаз Айна Қалмағанбетова «Making Asia» халықаралық фестивалінің Гран-при иегері атанды. Бұл туралы Қырғызстанның Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Making Asia» халықаралық фестивалінде бірінші орын Қырғызстаннан келген өнерпаз Руслан Асанкан мен Солтүстік Кипрден келген Бегюм Текакпынарға бұйырды.

Екінші орынды өзбекстандық Сарвиноз Камалова мен солтүстік македониялық Нада Талевска еншіледі.

Үшінші орын қазақстандық Әділхан Макин мен қырғызстандық Қасиет Идирисоваға бұйырды.

Фестивальдің арнайы жүлдесі Түркия Республикасынан келген Жевхер Аксойға берілді.

Фестивальдің 5 000 АҚШ доллары көлеміндегі бас жүлдесін қазақстандық Гран-при иегеріне Қырғыз Республикасы Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Еділ Байсалов табыс етті.

Бірінші орын иегерлері мүсінше мен дипломнан бөлек 3000 доллар, екінші орынға 2000 доллар және үшінші орынға 1000 доллар табысталды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: