01.10.2024
04:34
799
Қазақстандық музыканттар халықаралық аренаны бағындырды

Қазақстандық музыканттар халықаралық аренаны бағындырды

Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі Диас Елемес (профессор А.Гайсиннің сыныбы) «Premio Internazionale della Fisarmonica» беделді халықаралық баяншылар мен аккордеонистер байқауында «World Senior» санатында 1-орынды жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, байқауға «Қобыз және баян» кафедрасының 4-курс студенті Ақымбек Темірлан (Г. Нарымбетовтің сыныбы) және консерватория түлегі Жандос Сауыт (профессор А. Гайсиннің сыныбы) қатысты.

Италияның Кастельфидардо қаласындағы Premio Internazionale della Fisarmonica — жыл сайын 60 елден 200 астам музыкант пен 50 сарапшының басын қосатын әлемдегі ең беделді аккордеонистер байқауының бірі.