20.07.2023
20:30
1172
Қазақстандық мұнай шетелге заңсыз шығарылып отырған

Қазақстандық мұнай шетелге заңсыз шығарылып отырған

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мұнай өнімдері контрабандасының жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті «А» арнаулы мақсаттағы қызметімен сондай-ақ Түркістан облысының прокуратурасымен өзара әрекеттесе отырып, қазақстандық мұнай өнімдерін заңсыз шетелге, оның ішінде теңіз арқылы шығару арнасының жолын кесті.

Астана, Шымкент қалаларының және Түркістан мен Маңғыстау облыстарының аумағында тиісті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды, - деп хабарлады ҰҚК.