Қазақстандық мерген Олимпиада жолдамасына қол жеткізді

10 Маусым, 17:27 604

Бүгін халықаралық нысана көздеу (ISSF) барлық Әлем кубогының кезеңінен кейін Олимпиадалық рейтингін жаңартты. Соның нәтижесінде Ирина Юнусметова Париж ойындарының лицензиясына қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, ұлттық құрама спортшысы қайта үлестіру кезеңінде 10 метрден тапаншамен нысана көздеуде жолдамаға иелік етті.

Бұл еліміздің спорттық ату федерациясының еншісіндегі 9-лицензия. Осыған дейін Ислам Сатпаев, Константин Малиновский, Александра Ле, Арина Алтухова, Никита Чирюкин (нысана көздеу); Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко мен Мария Дмитриенко (стенд ату) Парижге барар билетке иелік еткен. Осы қатарда Әсем Орынбай мен Ирина Юнусметованың лицензиясы жеке спортшының өзіне тиесілі. Қалғаны федерацияға берілген квота.

Ал жалпы Қазақстан еншісіндегі лицензия саны 67-ге жетті.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: