24.03.2023
16:09
1264
Қазақстандық мерген Әлем Кубогының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық мерген Әлем Кубогының қола жүлдегері атанды

Александра Ле Үндістанның Бхопал қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден Әлем Кубогының кезеңінде 10 метрден пневматикалық винтовкамен оқ атудан жүлде алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
 
Мадхья-Прадеш штатындағы бұл жарысқа әлемнің 31 елінен 208 таңдаулы спортшы жиналды.Александра Ле  бұл сайыста 261.2 ұпай жинады. Бұл қатарда 18 қазақстандық бар. Әлем кубогының кезеңі 27 наурызда аяқталады.