Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды

24 Қараша 2023, 15:45 785

Мәнерлеп сырғанаудан Ұлттық құрама сапындағы Астана қаласының спортшысы Рахат Бралин Эстонияның Таллин қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы Tallinn Trophy халықаралық турнирінде күміс жүлде жеңіп алды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол қысқа бағдарламада 65.18 балл жинап, үшінші сатыға тұрақтаған. Ал еркін бағдарламадағы Рахаттың өнеріне төрешілер 128.90 ұпай берді.

Осылайша, жерлесіміз жалпы есепте 194.08 ұпай жинап, Лев Винокурден (Израиль) кейін екінші орынға тұрақтады. Қола медаль украиналық Кирило Марсакқа бұйырды (193.23 ұпай).

Айта кетейік, 20 жылдан астам тарихы бар дүбірлі додаға биыл 19 мемлекеттен 63 спортшы жиналды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: