Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Эстонияда күміс жүлде иеленді

14 Қараша, 12:43 638

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының мүшесі Софья Самоделкина Эстонияда өткен халықаралық Tallinn Trophy турнирінде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қысқа бағдарламадан соң Софья үшінші орында келе жатқан. 

Сөйте тұра еркін бағдарламада ол жағдайын жақсартып, жарысты екінші орынмен аяқтады. Қорытындысында Самоделкина 173,25 ұпай жинады.

Бірінші орынды Пинзаррон (Бельгия) иеленді - 192,48. Үздік үштікті Сара-Мод Дюпуа (Канада) түйіндеді - 163,58.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: