Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы ­– Challenge Cup турнирінің жеңімпазы

25 Ақпан, 12:11 783

Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан халықаралық жарыстың жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құрама көшбасшысы Нидерланд Корольдігінің Тильбург қаласында өткен Challenge Cup турнирінде жеңімпаз атанды.

Михаил қысқа бағдарламада 85.75 балл жинап, 2-сатыға жайғасса, еркін бағдарламада жинақы өнер көрсетіп, 270.59 ұпаймен суырылып алға шықты. Жалпы есепте - 256.34 балл.

Күміс медаль 2022 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 3-орын алған Тацуя Цубоидың (Жапония) еншісінде.

Қола тағы бір жапон мәнерлеп сырғанаушысы, 2022 жылғы 4 құрлық чемпионатының күміс жүлдегері Казуки Томоноға бұйырды (251.61 балл).

Бұл турнирге барлығы 32 мемлекеттен 157 спортшы қатысты.

Жансая Әділбек
Бөлісу: