Қазақстандық көркем гимнастшылар Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

2 Мамыр, 18:34 679

Көркем гимнастикадан Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Olympic.kz мәліметінше, топтық жаттығудан Қазақстан командасы көпсайыста Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанды.

Біздің спортшылар бес шығыршықпен, сондай-ақ екі доп, үш таспамен жаттығудан жалпы есепте үшінші орынға табан тіреді. 

Қазақстандықтар 5 шығыршық жаттығуы үшін 32.05 ұпай алса, 2 доп, 3 таспа жаттығуында 29.25 ұпай еншіледі. 

Айта кетелік, топтық жаттығудан Қазақстан командасын ресейлік маман Инна Бысьрова жаттықтырады. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: