Қазақстандық компаниялар Үрімші көрмесінде өз өнімдерін ұсынды

18 Тамыз 2023, 16:19 1081

17-21 тамыз аралығында ҚХР Синцзян-Ұйғыр автономиялық ауданының Үрімші қаласында «Қытай - Еуразия»: тауарлар және сауда» халықаралық көрмесі өтіп жатыр. Көрме орталығында 40 қазақстандық тауар өндірушінің өнімдері ұсынылған. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Көрменің ашылу салтанатына ҚР премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин қатысты.

ЭКСПО халықаралық көрмесінің ашылуында ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі, Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитетінің хатшысы ШҰАР Ма Синьхуэй сөз сөйледі. Оп арнайы курс Қытайдың Батыс және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықтың ашықтығына арналғанын атап өтті.

«Шыңжаң – Жібек жолы экономикалық белдеуінің алтын дәлізі. Өткен жылдың шілдесінен бастап Қытай батыс елдеріне қатысты дамудың нақты бағытының ашықтығын белгіледі. Біз барлығын әлем елдерімен, әсіресе Орталық Азиядағы ынтымақтастыққа бағытталған сауда және өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықтың жаңа платформаларын бірлесіп құруға шақырамыз. Біз үлкен жетістікке жеттік және Жібек жолы тарихының жаңа бетін аша отырып, оның ұлы тарихын іс-әрекетке айналдыруымыз керек», — деді Ма Синжуй.

ҚР Вице-премьері Серік Жұманғарин өз сөзінде Қытай нарығының қазақстандық өнімдерге басымдылығын атап өтті.

«Қазақстан мен Қытайды ортақ тарих, ата-бабаларымыздан қалған тарихи қауымдастық біріктіреді. Бұл бейбітшілік, көршілік, сауда, мәдени байланыстар алмасу жолы болды. Ал біз, осынау ұлан-ғайыр істі бастаған халықтың ұрпақтары оны абыроймен жалғастырып, жаңа ұрпаққа жеткізуіміз керек», — деді ол.  

С. Жұманғариннің айтуынша, Қазақстан Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің осыдан 10 жыл бұрын Астанада жарияланған «Бір белдеу – бір жол» бастамасын қолдайды.

Биылғы наурыз айында Сиань қаласында біздің елдеріміздің басшылары халықтарымыз арасындағы өзара іс-қимыл мен достықтың жаңа, «алтын 30 жылдығы» басталғанын жариялады. Бізге алдағы жылдары сауданы $40 млрд-қа жеткізу міндеті қойылды. Бұл тапсырма орындалатынына сенімдімін, 2022 жылы өзара сауда рекордтық көрсеткішке, яғни $24,1 млрд-қа, ал бірінші жартыжылдықта $13,6 млрд-қа жетті. Ал жалпы тауар айналымының ең үлкен үлесі 40%-дан астамы Шыңжаңға тиесілі, – деді вице-премьер.

Ма Синжуйдің Алматыға сапары СУАР-мен қарым-қатынасты кеңейтуге жаңа серпін берді, онда наурыз айында ҚР – (СУАР) ҚХР-ның шекара маңы ынтымақтастығының ІІ Достық диалогы өтті. Бұл форумда мемлекеттеріміздің өңірлері арасында $565,4 млн көлемінде бауырластық келісімдер мен коммерциялық құжаттар жасалды.

Бүгінде қазақстандық аграрлық ведомство Қытайға агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің тағы 11 түрін экспорттауға ветеринариялық және фитосанитариялық талаптарды келісу мүмкіндігін пысықтауда. Бұл картоп, қызылша целлюлозасы, рапс, сұлы мен жарма, бие сүті, құс еті және құс өнімдері, жылқы еті, салқындатылған сиыр еті, қой еті және шошқа еті.

2023 жылдың мамыр айынан бастап Сиань қаласындағы Қазақстанның Бас консулдығының базасында қазақстандық өнімдердің шоу-румы жұмыс істейді. Мұнда 25 компанияның тауарлары ұсынылған.

Үрімшіде «Қытай - Еуразия» халықаралық көрмесіне 40-тан астам қазақстандық компания қатысуда. Ұлттық павильон стендінде макарон өнімдері, май өнімдері, кондитерлік өнімдер, джемдер мен мармеладтар, бал, сусындар мен шарап-арақ, жарма мен кебек, тоқыма және зергерлік бұйымдар, балмұздақ қойылған. Қазақстандық павильоннан басқа көрмеге Еуропа, Пәкістан, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа елдердің павильондары қойылған.

EL.KZ
Бөлісу: