Қазақстандық команда пара жүзуден қола медаль жеңіп алды

25 Қазан 2023, 23:06 711

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында 4х50 м аралас кешендік эстафетада қазақстандық пара жүзушілер (3:03.74) қола жүлдені еншіледі. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

1 орын - Қытай командасы (2:30.36).
2 орын – Жапониядан келген команда (2:49.49).
Қазақстандық команда сапында: Зульфия Габидуллина, Сиязбек Далиев, Наталья Звягинцева және Айсұлтан Құлқаев бар.

Перизат Саденова
Бөлісу: