Қазақстандық «классиктер» Венгриядағы турнирде ұтылды

10 Маусым, 10:52 566

Грек-рим күресі шеберлері Венгрияның Будапешт қаласында  өткен рейтингілік турнирде жеңіліс тапты. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

60 келі салмақта белдескен Айдос Сұлтанғали бірінші белдесуде Оңтүстік Корея өкілі Ким Дахуннан ұтылды.

Ал 130 келідегі Әлімхан Сыздықов бірінші кезеңде тунистік спортшыға есе жіберді. 

87 келідегі Нұрсұлтан Тұрсынов словакиялық балуаннан жеңілді. 

Еркін күрестен Азамат Дәулетбеков қола медаль үшін күресте ұтылған  болатын.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: