7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Үндістанның Нойа қаласындағы «Marwah Studios Complex» танымал ойын-сауық индустриясы орталығында режиссері Нұргелді Садығұловтың «Балуан Шолақ» көркем фильмінің кино көрсетілімі өтті, деп хабарлайды El.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шара Қазақстанның Үндістандағы Елшілігі мен «Marwah Studios Complex» компаниясымен бірлесіп, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қолдауымен ұйымдастырды.
Қазақстан-Үндістан кино және мәдениет форумы 300-ден астам көрерменді жинап, олардың қатарына дипломатиялық корпус өкілдері, Үндістан кинематографиясының өнер қайраткерлері, жас және жаңадан бастаған кинематографистер, сондай-ақ біздің отандастарымыз қатысты.
Іс-шара барысында форум қонақтары арасында Абай Құнанбайұлының хинди тіліне аударылған «Қара сөздер» туындысы, сондай-ақ Қазақстан туралы ақпараттық материалдар таратылды.
Сонымен қатар Телангана штатындағы Хайдарабад қаласында белгілі қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық соғысы туралы баяндайтын «Жаужүрек мың бала» картинасы көрсетілді.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?