Қазақстандық кәсіпкерлер қандай салықтарды төлеуге міндетті

9 Ақпан, 17:40 712

Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтар қандай салықтарды төлеуі тиіс екенін атап көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында салықтардың 11 түрі, сондай-ақ бюджетке төленетін төлемдер көзделген:

салықтар:

корпоративтік табыс салығы;

жеке табыс салығы;

қосылған құн салығы;

акциздер;

экспортқа рента салығы;

жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары;

әлеуметтік салық;

көлік құралы салығы;

жер салығы;

мүлік салығы;

ойын бизнесі салығы;

бюджетке төленетін төлемдер:

мемлекеттік баж;

алымдар;

төлемдер:

жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды пайдаланғаны;

жер учаскелерін пайдаланғаны;

жерүсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны;

қоршаған ортаға теріс әсер еткені;

жануарлар дүниесін пайдаланғаны;

орманды пайдаланғаны;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны;

радиожиілікті спектрді пайдаланғаны;

қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені;

сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны;

цифрлық майнинг.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында 2024 жылы салық төлеушілер үшін салық есептілігінің 39 нысаны (СЕН) көзделгенін хабарлаймыз, оның ішінде: корпоративтік табыс салығы бойынша – 8, жеке табыс салығы бойынша және әлеуметтік салығы бойынша -5, қосылған құн салығы бойынша – 2, акциздер бойынша – 2, жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері – 8, жергілікті салықтар бойынша– 4, төлемдер бойынша – 5, арнайы салық режимінің салықтар бойынша - 5.          

Қазіргі уақытта салық есептілігінің қолданыстағы нысандарының саны қайта қаралуда (2023 жылы - 39 нысан).  Уәкілетті мемлекеттік органдар Қаржы министрлігінің ақпаратттық жүйелерімен интеграциялауға дайын болған кезде салық есептілігінің санын кезең-кезеңімен қысқарту ұсынылады. Бірінші кезеңде салық есептілігінен жекелеген қосымшаларды алып тастау, сондай-ақ жалдамалы жұмыскерлері жоқ шағын бизнес субъектілері үшін салық есептілігін жою ұсынылады. Олардың міндеттемелері тек түрлі платформалар арқылы салық төлеумен шектелетін болады: Мемлекеттік кірістер комитетінің мобильді қосымшалары, банктердің мобильді қосымшалары, egov порталы, Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz порталы және басқа да мүмкіндктер қаралған.

Осылайша, салық төлеушілердің салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша, сондай-ақ салық есептілігін ұсыну бойынша салық міндеттемелері қолданылатын салық режиміне және салық салу объектілерінің болуына байланысты болады, сондықтан мұндай объектілер болмаған жағдайда мұндай салық міндеттемелері де болмайды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: