Қазақстандық ІТ-мамандар тұңғыш рет кәсіби мерекесін атап өтуде

10 Қараша 2022, 18:42 1548

Салтанатты шара аясында цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласындаеңбекетіп жүрген ондаған маман «Үздік цифрландырушы» төсбелгісімен марапатталды

Елімізде алғаш рет Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің күні атап өтіліп жатыр, деп хабарлайды EL.kz.

Астанада ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин осы айтулы датаға арналған салтанатты шараға қатысып, еңбегі сіңген сала мамандарын марапаттады. Салтанатты шараны құттықтау сөзбен ашқан министр ІТ мамандарының кәсіби мерекесі ретінденеге 10 қараша таңдап алынғанына тоқталды.

«Осында отырғандардың көбін кейінгі 15 жылдан бері танимын. 2004 жылғы сол бір күн бәріміздіңесімізде. Ол кезде мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамында жұмыс істеп жүрген едім. Дегенмен алғашқы қамдардың қалай жасалғанын білемін. Қажетті құжаттарды жазуға кімдердің атсалысқанын, әрі қарайкімдер ілгерілеткенін, ол құжаттың Жарлыққа айналып, ақпараттық қауымдастықтың дамуына, электроондық үкіметтің қалыптасуына, мемлекеттің қапараттық жүйесінің орнығуына кімдер себепші болғаны бәріміздің есімізде. Сол Жарлыққа 2004 жылдың 10 қарашасында қол қойылған еді. Осы датаны Цифрландыру күні етіп белгіледік. Енді бұл біздің мереке», - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ ол цифрландыру саласы қазір бүкіл экономиканың драйверіне айналғанын атады.

«20 жыл бойы көптеген басшылар, жұмыскерлер осы күннің қалыптасуы үшін қалтқысыз еңбек етті. Кейінгі 20 жыл ішінде біздің мамандар цифрландырудың дербес сала ретінде қалыптасқанын, экономикадағы бүкіл салалардың драйвері екенін дәлелдеп берді», - деді Бағдат Мусин.

Салтанатты шара аясында цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласындаеңбекетіп жүрген ондаған маман «Үздік цифрландырушы» төсбелгісімен марапатталды.

EL.KZ
Бөлісу: