Соңғы кездері елдегі ғалымдардың идеясын коммерцияландырылып, жаппай өндіріске енгізілген нақты әзірлемелердің жоқтығы үшін сынап жатқанын жиі естиміз. Бірақ, шын мәнінде, ғылыми жаңалықтардың артында жылдар бойы жүзеге асыратын ізденіс тұратынын ұмытып кетеміз.
Осылайша, Назарбаев Университетінің жасуша биологы Юлия Сафарованың әзірлемелесінің концепциясы Мак Гован регенеративті медицина институтында (АҚШ, Питтсбург университеті) тағылымдамадан өту кезінде пайда болды. Қазір жас ғалым Назарбаев Университетінің (NU) National Laboratory Astana мекемесінде биоинженерия және регенеративті медицина зертханасында сүйек тінін қалпына келтірудің инновациялық әдістерін әзірлеуде.
2011 жылы мен әріптестеріммен бірге инновациялар мен технологияның «бесігінде» болдым. Онда биомедицинада қолдану үшін органикалық полимерлер әзірлейтін химиялық синтез зертханасында сүйек тінін қалпына келтіру үшін мезенхималық дің жасушаларын қолдануға байланысты ғылыми қызығушылықтарым анықталды. Бұл тәжірибе сүйек тінін қалпына келтіру үшін жасушалық терапияда қолдануға болатын функционалды топтары бар полимерлерді пайдалану идеясын тудырды. Қазақстандағы жоба менеджері – доктор Шолпан Асқарова, - дейді Юлия Сафарова.
Науқастардың сынған сүйегі тез жазыла бастады
Мезенхималық дің жасушаларын қолдану арқылы жасушаларды сүйек тініне жеткізу әдісін зерттеу жобасы 8 жыл бойы жүргізілді және тамаша нәтиже көрсетті: осы тәсілді қолданатын зертханалық жануарларда сынықтар 40% тез жазыла бастады. Мезенхималық дің жасушалары ересектердің сүйек кемігінен және май тінінен оқшаулануы және барлық дерлік тіндерді қалпына келтіру үшін қолданылуымен ерекшеленеді. Әдіс патенттелген, бірақ жоба өткен жылы клиникаға дейінгі сынақ сатысында аяқталды.
Біздің мақсатымыз – егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін сынықтардың жазылу процесін жақсарту. Бұл, әсіресе, орташа өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы тенденциясы байқалып тұрған кезде өте өзекті. Қазақстандағы остеопороз ауруының динамикасы бүкіл дүние жүзіндегі аурудың динамикасына сәйкес келеді, соған сәйкес 50 жастан кейін әрбір 3-ші әйел мен әрбір 5-ші ер адам остеопорозбен ауырады, 60 жастан кейін күрт өседі, ал 70-90 жылдан кейін жиілігі 100% жетеді, - дейді жас ғалым.
Сүйек регенерациясы дегеніміз не?
Юлия Сафарова қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыру аясында сүйек тінінің регенерациясын жеделдету бойынша екі жобаны басқарады. Шығыс Қазақстан техникалық университетінің материалтанушыларымен бірлесіп, титан импланттарына арналған жаңа жабындардың биоүйлесімділігін бағалау жобасы жүргізілуде.
Біз жабындардың тиімділігін биологиялық тұрғыдан талдаймыз. Бұл микроплазмалық бүрку әдісі алғаш рет қолданылуда. Негізі, бұл әдіс титан импланттарын қолдануға балама болуы да мүмкін, өйткені кейбір адамдарда титаннан әр түрлі реакция пайда болатыны бар, - деп атап өтті.
Екінші жобада Итальяндық ғылыми кеңестің материя құрылымы институтымен бірлесе отырып, NU тобы сүйек регенерациясын жақсарту үшін стронций мен мыс қосылған үшкальций фосфатының түйіршіктерінің тиімділігін зерттеп жатыр.
Ғылым табандылықты талап етеді
Юлияның айтуынша, 13 жылдық ғылыми қызметінде ол Қазақстан ғылымының дамуындағы оң өзгерістерді көріп отыр. Мәселен, гранттық қаржыландыру бойынша іріктеу процесін ғалым жоғары бағалады.
Гранттық қаржыландыру үшін жобаларды іріктеу үдерісі ашық әрі түсінікті болды деген пікірмен келісетін ғалымдардың көпшілігінің пікірін білдіретін шығармын. Логистика реагенттерді жеткізу жағынан жақсарды. Әрине, реагенттер бір күнде жететін Америкадағыдай емес, біздің логистика жаңа енгізулер бойынша 90 күнмен шектеледі. Дегенмен, бізде көрші облыста реагенттер шығаратын зауыттар да жоқ, сондықтан жолдың уақытын ескеру керек, - дейді ол.
Жастарды ғылымға баулудың негізгі рецепті – ғалым мамандығын дәріптеп, жағдай мен қажетті инфрақұрылым – ғылыми-зерттеу институттары мен зертханаларды жасау деп есептейді зерттеуші.
Ғылым ол негізі - білімге деген құштарлық деп түсінемін. Бұл тек оқуды ғана емес, сонымен бірге жаңа нәрселерді түсіну процесіне толықтай енуді қажет ететін жол. Әртүрлі жағдайларда шыдамдылық, табандылық таныту қажет болатынына дайын болу маңызды. Салынған барлық күш-жігер өз жемісін беретіні сөзсіз, өйткені ғылым тек кәсіп қана емес, ол үнемі өзін-өзі дамытуға және жаңа көкжиектерді ашуға апаратын жол, - деп түйіндеді жас ғалым Юлия Сафарова.