Қазақстандық фильм канадалық беделді кинофестивальде жоғары бағаланды

29 Шілде, 19:36 464

Канадалық Fantasia Film Festival кинофестивалінде қазақстандық«Дала қасқырлары» фильмі қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаға ие болды. Басты рөлдерді сомдаған Берік Айтжанов пен Анна Старченко фестивальдің үздік актерлері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпаратынша, фильм ұжымы үшін айтулы оқиға – оператор Еркінбек Птыралиев Оскар киноакадемиясының мүшелігіне қабылдануы. Осылайша ол «Оскар» сыйлығына дауыс беруге қатысатын алғашқы қазақстандық атанады. 

Режиссер Әділхан Ержановтың «Дала қасқырлары» фильмі бұған дейін Reims polar 2024 кинофестивалінде француз сыншылар қауымдастығының жүлдесін жеңіп алған болатын. 

Фильм тәртіпсіздік кезінде ұрланған ұлын іздеп жүрген Тамара есімді әйелдің жан мұңын баяндайды. Ол күмәнді детективтің көмегіне жүгініп, кейін күтпеген оқиғаларға тап болады.

Кинокартина Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен түсірілді.

Перизат Саденова
Бөлісу: