Қазақстандық еркін күрес балуаны бірінші айналымда ұтылды

9 Тамыз, 16:48 344

Юсуп Батырмұрзаев Еуропа чемпионатының жүлдегеріне есе жіберді, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Юсуп Батырмұрзаев (125 келі) Олимпиаданың ширек финалына шыға алмады.

Бірінші белдесуде ол Еуропа чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері польшалық Роберт Баранға есе жіберді. Есеп - 1:4.

Егер Роберт Баран финалға дейін сүрінбесе, Батырмұрзаев жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігін алады.

 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: