Дзюдошылар Абылайхан Жұбаназар мен Есмигул Куюлова Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Olympic.kz мәліметінше, ерлер арасындаа 81 келіде сынға түскен Абылайхан бірінші кезеңде венгриялық Атилла Унгвариге есе жіберді.
Кездесу қосымша уақытқа дейін созылып, қарсылас маңызды ұпайды алып кетті.
Осылайша, Жұбаназар келесі айналымға өте алмады.
Ал 63 келіде сынға түскен Куюлова бірінші белдесуде австриялық қарсыласы Любиана Пловесанаға жол берді.
Әзірге қазақстандық дзюдошылар еншісінде бір алтын, бір қола жүлде бар.