Қазақстандық Эдуард Ким мен Наргиза Болатова су спортынан әлем чемпионатында тарихи алтынға қол жеткізді

5 Ақпан, 01:35 1072

Катар астанасы Дохада су спорты түрлерінен әлем чемпионатында әртістік жүзуден техникалық аралас дуэт бағдарламасы бойынша Эдуард Ким мен Наргиза Болатова жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл сында Қазақстан спортшылары 228.0050 ұпай жинап, жалпы есепте үздік атанды. Ал екінші орынға Қытай спортшылары жайғасса, үздік үштікті мексикалықтар түйіндеді.

Жарыс барысында жерлестеріміз әлем чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпаздары Қытай, Испания сынды мемлекет спортшыларынан басым түсті. 

Бұған дейін біздің әлем чемпионатындағы бұған дейінгі ең үздік көрсеткіштеріміз төмен болатын. 

2023 жыл. Әртістік жүзу. Техникалық бағдарлама. Эдуард Ким, қола жүлде. 

2015 жыл. 100 метрге брасс әдісімен жүзу. 4-орын (77 қатысушы). Дмитрий Баландин

200 метрге брасс әдісімен жүзу. 6-орын (52 қатысушы). Дмитрий Баландин

2019 жыл. 100 метрге брасс әдісімен жүзу. 7-орын (87 қатысушы). Дмитрий Баландин

2019 жыл. 200 метрге брасс әдісімен жүзу. 7-орын (52 қатысушы). Дмитрий Баландин

2017 жыл. 25 шақырымға жүзу. 7-орын (25 қатысушы). Виталий Худяков

Айта кететін жайт, Дохада өтетін әлем біріншілігінде Париж Олимпиадасының лицензиясы беріледі. Спортшыларымыз төртжылдықтың басты ойындарының жолдамасына иелік ету үшін нормативті уақыт көрсеткішін орындауы қажет. Дохада 201 елден келген 2600 спортшы қатысып жатыр.  

Баян Әжмұхан
Бөлісу: