09.11.2025
17:40
400
Қазақстандық дзюдошылар Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шықты

Қазақстандық дзюдошылар Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шықты

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілдері Аруна Джангельдина мен Мәди Амангелді Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Мәди Амангелді 81 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Нугзари Таталашвилиді (БАӘ) жеңді.

Аруна Джангельдина, 78 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, Аридж Агуебті (Тунис) жеңіп финалға жолдама алды.