Қазақстандық дзюдошы Универсиада Ойындарында қолаға қол жеткізді

30 Шілде 2023, 13:25 743

Қазақстандық дзюдошы Сұңғат Жұбатқан универсиада ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

66 келіде күрескен ол Қытайда өтіп жатқан Дүниежүзілік универсиадада Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені салды.

Сұңғат Жұбатқан қола жүлде үшін белдесуде өзбекстандық Абдурахим Нутфуллоевты ұтты. Сондай-ақ, ол іріктеу кезеңдерінде мажарстандық, түрікменстандық және әзербайжандық дзюдошылардан басым түсті. Тек жартылай финалда жапондық спортшыға жол берді.

Айта кетерлігі, Қытайда өтіп жатқан Универсиада жарысы 8 тамызға дейін жалғасады.

Асқар Таудай
Бөлісу: