28.08.2025
20:39
949

Қазақстандық дзюдошы кадеттер арасында әлем чемпионы атанды

Қазақстан құрамасы дзюдодан Софияда (Болгария) өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Ернұр Батырғали Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салды.

Дзюдошы 60 келіге дейінгі салмақта үздік атанды. Шешуші кездесуде Батырғали Тәжікстан құрамасының өкілі Лоик Кудбудиновты жеңді.

Айта кетейік, бұған дейін әлем чемпионатында Арман Мыса (50 келіге дейін) үшінші орын алған еді.