Қазақстандық дзюдошы Grand Slam-нің жартылай финалына шықты

5 Мамыр, 14:36 6952

Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан Grand Slam турнирінің соңғы жарыс күнінде қазақстандық Камила Берліқаш жартылай финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Olympic.kz мәліметінше, 78 келіден жоғары салмақта сынға түсіп жатқан Камила жарысты екінші айналымнан бастап, Украина мен Оңтүстік Корея спортшыларын ұтты.

Жартылай финалда Берліқаш польшалық Кинга Вольцшакпен белдеседі. 

Ал бүгін сынға түскен Ислам Бозбаев пен Нұрлыхан Шархан (екеуі де 100 келі) екінші айналымда ұтылса, Дидар Хамза (90 келі) жұбаныш белдесуінде Грекия спортшысына есе жіберді. 

Осылайша, Қазақстан ерлер құрамасы турнирді 1 күміс, 2 қола медальмен аяқтағалы отыр.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: