Қазақстандық диқандар астық өнімінің 86%-нан астамын жинады

12 Қазан 2023, 07:34 625

Бүгінгі күні Қазақстанда 14,9 млн га дәнді дақылдар жиналды, бұл жоспарланған алаңның 86,2%-н құрайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Орташа өнімділігі 9,2 ц/га болған кезде 13,6 млн тонна астық бастырылды.

Биылғы вегетациялық кезеңде фермерлер бірқатар қиындықтарға тап болды. Оңтүстік аймақтарда құрғақшылық болды, ал солтүстігінде қатты жаңбыр жауды, бұл егіннің жай-күйіне және жиналған дақылдың сапасына әсер етті. 

Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың ауа-райынан зардап шеккен ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қажетті қолдау көрсету жөніндегі тапсырмасы шеңберінде мынадай шараларды қабылдау ұсынылды:

- форвардтық сатып алу шеңберінде «Азық-түлік корпорациясының» сатып алу бағасы 3-сыныпты бидай үшін 120 мың теңге және 4-сыныпты бидай үшін 105 мың теңге мөлшерінде белгіленсін;

- форвардтық сатып алу және тауарлық кредит бойынша фермерге айыппұл төлемей немесе 1,05 немесе 5% коэффициенті бойынша 3-сыныпты бидайды 4-сыныпқа ауыстыру жолымен ақшалай қаражатпен міндеттемелерді орындауға мүмкіндік беру;

- міндеттемелерді орындауға мүмкіндігі жоқ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін 3% мөлшерінде банктік сыйақыларды өтей отырып, шартты орындау мерзімін 1 жылға ұзартуды жүзеге асыруға мүмкіндік беру.

Сонымен қатар, шаруалар «Азық-түлік корпорациясы» астықты фермерлерден, әсіресе жемдік бидайдан тікелей сатып алуды сұрайды. Бұл астық нарығына әсер етуге және сол арқылы астық өндірушілердің қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Баяндалғанды ескере отырып, 350 мың тонна көлемінде тікелей сатып алуды мынадай бағамен жүзеге асыру ұсынылды: 4 – сыныпты бидай үшін 105 мың теңге, 5 – сыныпты бидай үшін 90 мың теңге, сыныпты емес бидай үшін 70 мың теңге.

Бұл ретте, сатып алу бюджеттен тиісті қаражат бөлінгеннен кейін жүзеге асырылатын болады.

Перизат Саденова
Бөлісу: