Қазақстандық делегация ЮНЕСКО Бас конференциясының сессиясына қатысады

7 Қараша 2023, 02:27 749

2023 жылғы 7-21 қараша аралығында ЮНЕСКО-ның Париж (Франция) қаласындағы штаб-пәтерінде ұйым Бас конференциясының 42-сессиясы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың мәліметінше, 7-8 қарашада Бас конференцияның жоғары деңгейдегі панеліне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин бастаған Қазақстан делегациясы қатысады.

Оның білім, ғылым, мәдениет және ақпарат саласындағы көпжақты өзара іс-қимыл мәселелеріне арналған жоғары деңгейдегі панельде сөз сөйлеуі жоспарланған, - делінген мәләметте.

Конференция аясында Мемлекеттік кеңесшінің ЮНЕСКО Бас директоры Одрэ Азулемен және Ұйымға басқа мүше мемлекеттердің делегация басшыларымен кездесулері жоспарлануда. Онда Қазақстанның ЮНЕСКО-мен және серіктес елдермен өзара тиімді ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелері талқыланады.

Берік Арманов
Бөлісу: