27.02.2023
16:46
1265
Қазақстандық боксшылар Странджа кубогында екі медаль жеңіп алды

Қазақстандық боксшылар Странджа кубогында екі медаль жеңіп алды

Бокстан Қазақстан командасы Софияда (Болгария) Странджа-2023 кубогын екі медальмен аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Біздің боксшылардың қоржынында бір "күміс" және бір "қола" бар.

Оразбек Асылкулов 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші орынды иеленді. Үшінші орында Райыс Нұрқанат (75 келіге дейін) болды.