09.04.2026
14:40
150

Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында Өзбекстанды басып озды

Моңғолия астанасы Ұланбатырда Азия чемпионатының әйелдер арасындағы жарыстары мәресіне жетті. Қазақстандық бұрымдылар 10 салмақта бақ сынап, 5 медаль еншіледі.

Қазақстандық спортшылардың жүлделері:

80 келі: Надежда Рябец – алтын

+80 келі: Дина Исламбекова – алтын

70 келі: Бақыт Сейдіш – қола

48 келі: Әйгерім Сәттібаева – қола

75 келі: Валентина Хальзова – күміс

Құрама сапынан алғашқы алтында Надежда Рябец иеленіп, оның жеңісі ауыр салмақ дивизионында ерекше мәнге ие болды. Құрлықтық біріншілікте Рябец 80 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады. Финалда ол Өзбекстан спортшысы Рухшона Парпиевамен кездесті.

Надежда бірінші раундта 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Екінші раундта да ол қарсыласынан белсендірек қимылдап, дәл соққыларымен басым түсті. Нәтижесінде қазақстандық боксшы төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті.

Екінші алтын медаль Дина Исламбековаға тиесілі. 80 келіден жоғары салмақтың финалында Исламбекова үндістандық Алфия Патханмен шаршы алаңға шықты.

Жекпе-жектің алғашқы раундынан-ақ Дина басымдықты өз қолына алды. Бастапқы үш минутта қарсыласын нокдаунға жіберді.

Одан кейін де отандасымыз рингтегі үстемдігін жалғастырды. Үшінші раундта ол тағы да қарсыласын нокдаунға жіберді. Нәтижесінде Исламбекова айқын басымдықпен жеңіске жетіп, турнир чемпионы атанды.

Бұған дейін қыздарымыздан Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін) күміс медаль иеленсе, Әйгерім Саттібаева (48 келіге дейін) мен Валентина Хальзова (75 келіге дейін) қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

Осылайша, әйелдер арасындағы жарыста Қазақстан екі алтын, бір күміс және екі қола медальмен көршілес Өзбекстан мен Қытайдан озып кетті.

Жалпы медальдар есебінде Үндістан көш басына шықты – төрт алтын, екі күміс және төрт қола медаль. Қазақстан екінші орында – екі алтын, бір күміс және екі қола. Қытай үздік үштікті түйіндеді – екі алтын және үш қола. Ал Өзбекстан құрамасы екі күміс пен үш қола медальмен алтынсыз қалды.

Әйелдер арасындағы жалпы медаль кестесі:

Ел

Алтын

Күміс

Қола

Үндістан

4

2

4

Қазақстан

2

1

2

Қытай

2

0

3

Тайпей

1

1

2

Таиланд

1

0

1

Солтүстік Корея

0

3

0

Өзбекстан

0

2

3

Моңғолия

0

1

1

Оңтүстік Корея

0

0

1

Тәжікстан

0

0

1

Ерлер арасындағы финалдық бәсекелер 10 сәуірде өтеді. Құрама сапынан бес боксшы алтынға таласады.