Қазақстандық боксшы WBC белдігіне ие болды

22 Сәуір 2023, 10:21 944

Қазақстан боксшысы Дәулет Дәукенов 11-2, 5 КО) Чехияның Оломоуц қаласында өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, кезекті жеңісіне жетті, деп хабарлайды El.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жолы Дәулет Дәукенов никарагуалық Робин Саморамен (19-19, 9 КО) жұдырықтасты.

Кездесу 8 раундқа есептелген. Боксшылар ТМД бокс бюросы, славян және балтық елдерінің екінші дәрежелі WBC белдігін сарапқа салды. Кездесу қазақстандық спортшының жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Дәулет Дәукенов кәсіби бокс мансабында 12-ші жеңісіне қол жеткізіп, екінші дәрежелі WBC белдігін жеңіп алды.

Ал Робин Самора кәсіби рингте 20-шы рет жеңілді.

EL.KZ
Бөлісу: