Қазақстандық боксшы төрт жылға спорттан шеттетіледі

7 Сәуір 2023, 17:49 751

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Саматәлі Төлтаев тыйым салынған затты пайдаланды деген күдікке ілінді. Енді Саматәлі төрт жылға бокстан шеттетілуі мүмкін деген ақпарат тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Bassport.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық бокс федерациясының мәліметінше, 60 келіде сынға түсетін боксшысының алғашқы допинг сынамасы оң нәтижеге берген. Екінші сынама қашан алынатыны белгісіз.

Бүгінде осы іске қатысты тексеріс жұмыстарын Халықаралық допингке қарсы агенттік (WADA) жүргізіп жатыр.

EL.KZ
Бөлісу: