Қазақстандық боксшы Сергей Морозов UFC турнирінде жеңіске жетті

18 Желтоқсан 2022, 16:30 1388

Спортшы ММА-дағы кәсіби мансабындағы 19 жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық спортшы Сергей Морозов Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 216 аралас жекпе-жек турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Морозов пен американдық Джорни Ньюсон арасындағы жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундтта өтті.  Төрешілердің бірауыздан шешімімен қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды. 

Осылайша, Сергей Морозов ММА-дағы кәсіби мансабындағы он тоғызыншы жеңісіне қол жеткізсе, ал Джорни Ньюсон төрт рет жеңіліске ұшырады. 

EL.KZ
Бөлісу: