Қазақстандық боксшы «Канеломен» достығы жайлы айтты

18 Сәуір 2023, 15:24 861

Екінші орта салмақта бокстасатын қазақстандық Бек Нұрмағанбет (9-0, 7 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен достығы жайлы айтып, өзін сынайтындарға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

- «Канеломен» сәлеміміз түзу. Ол бокста керемет нәтижелерге қол жеткізді. Одан үйренеріміз көп. Головкинмен айқасынан соң оны аса ұната бермейтін қазақтар бар. GGG-дің жауына көмектесіп, содан көмек сұрайтынымызды айтып жатады. Арасында түсінетіндер де бар. Бұл жерде жаман ештеңе жоқ. Бұл - үлкен тәжірибе, - деді Бек.

Жерлесіміздің бұған дейінгі айқасы Помонада (Калифорния штаты, АҚШ) өтіп, ол венесуэлалық Эбер Рондонды нокаутпен ұтқан (20-4, 13 КО).

Нұрмағанбеттің келесі кездесуі 6 мамырда Гвадалахарада (Мексика) Сауль Альварес - Джон Райдер кездесуінің андеркардында өтеді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: