Қазақстандық боксшы Әли Балоев WBO Global титулын жеңіп алды

11 Қыркүйек 2023, 02:05 1224

Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Әли Балоев (12-1-1, 8 КО) Қытайдың Ухань қаласында өткен кеште өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кештің басты жекпе-жегінде Әли Балоев 43 жастағы француз Сирил Макиадимен (15-3-2, 6 КО) кездесті. Олар WBO Global-дың ауыр салмақтағы (90,7 келіге дейін) белдігі үшін таласты.

Айқас межеленген 10 раундтың соңына дейін жалғасты және төрешілердің бірауызды шешімімен Балоевтың пайдасына аяқталды, есеп — 99:91, 100:90, 100:90.

Осылайша, 30 жастағы қазақстандық спортшы кәсіпқой бокс мансабында 13-інші жеңісіне қол жеткізіп, ауыр дивизионда WBO Global титулына ие болды. Сирил Макиади төртінші рет рингте жығылып отыр.

Берік Арманов
Бөлісу: