11.12.2025
17:21
409
Қазақстандық боксшы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық боксшы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық танымал боксшы Теміртас Жүсіпов Дубайда өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бүгін біріншіліктің жартылай финалдық кездесулері басталды. Қазақстандық боксшылар арасынан алғашқы болып 48 келі салмақта Теміртас Жүсіпов шыққан болатын.

37 жастағы былғары қолғап шебері жартылай финалда ресейлік Эдмонд Худоянмен кездесіп, тартысты өткен айқаста төрешілер жеңісті қарсыласына берді.

Естеріңізде болса, Теміртас жартылай финалдық жолдамасына таласта непалдық Лал Прасад Упретимен қолғап түйістіріп, қарсыласын айқын басымдықпен жеңген еді. Ал 1/8 финалда үндістандық Девендра Сингх Соланкиді төрешілердің ортақ шешімімен ұтқан.

Ал ресейлік ширек финалда аустралиялық Коб Хантты мерзімінен бұрын ұтты.

Эдмонд Худоян – Ресейдің алты дүркін чемпионы. 2023 жылы Өзбекстанда өткен әлем чемпионатында ол қола жүлдегер атанған.