Қазақстандық бір күнде 52 тісін емдеткен

7 Қыркүйек 2023, 18:17 962

МӘМС төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджанның мәліметінше, қазақстандық бір күнде 52 тісін емдеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Яғни дәрігерлер МӘМС аясында тұрғындарды жалған қабылдауға жазып келген. Алғашқы жарты жылда дәл осындай 23 мыңнан астам жалған жазба тіркелген. Олардың арасында тоқтаусыз 40 сағат жұмыс істеп, осы аралықта 80 адамды қабылдап үлгергендері де табылды, - деді ол.

Сонымен қатар қолжетімді медицинамен қамтамасыз етуі тиіс жаңа жүйенің бұдан бөлек те олқылықтары бар екен. 3 млн астам адам сақтандырылмаған, тиісінше МӘМС аясында көрсетілетін қызмет оларға қолжетімсіз.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: