22.04.2024
04:10
1014
Қазақстандық бессайысшылар әлем чемпионатында жеңіске жетті

Қазақстандық бессайысшылар әлем чемпионатында жеңіске жетті

Қазақстандық бессайысшылар әлем чемпионатында аралас эстафетада жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Анкарада (Түркия) заманауи бессайыс бойынша әлем кубогының екінші кезеңі аяқталды.

Жарыстың соңғы күні қатысушылар аралас эстафетада жүлделі орындарды сарапқа салды. Қазақстандық жанкүйерлерді қуантқан бессайысшыларымыз Павел Ильяшенко мен Елена Потапенко алтын алды.