Қазақстандық балуандар әлем чемпионатында жартылай финалға шыға алмады

23 Қазан, 22:41 380

Тиранда (Албания) күрес түрлері бойынша әлем чемпионатында әйелдер арасында сайыстар басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін, 23 қазанда қазазқстандық спортшылар бес салмақ категориясында кілемге шықты. Алайда олардың ешқайсысы жартылай финалға шыға алмады. 

50 келіге дейінгі салмақтағы Лаура Ғаниқызы 1/8 финалы кезінде түркиялық Зехра Демирханды 6:4 есебімен жеңген болатын. Алайда жартылай финалға жолдама үшін күресте америкалық  Сэйдж Мортимерден жеңілді - 4:14.

55 келіге дейінгі салмақта Айнұр Әшімова Отгонтуе Баянмунхтен 2:8 есебімен жеңілді. 

Алғашқы жекпе-жек Гүлдана Бекеш (59 келіге дейінгі салмақта) үшін де сәтсіз болды. Ол жапониялық қарсыласы Химека Токухарадан жеңілді - 7:1.

Бейбіт Сейдуали (68 келіге дейінгі салмақта) америкалық Бруклин Хэйске есе жіберді - 6:4.

Алғашқы сайыста Алина Ертөстік те (76 келіге дейінгі салмақта) жеңіліс тапты. Оның қарсыласы Елена Макойед (АҚШ) 0:11 есебімен жеңіске жетті. 

Осылайша біздің спортшылар енді жартылай финалдар нәтижесін күтеді. Егер қазақстандық спортшылардың қарсыластары финалға шықса, онда жұбаныш айналымы арқылы «қолаға» таласа алады.

Перизат Саденова
Бөлісу: