Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек АҚШ-тың ЖОО-да қазақ тілінен сабақ беретін қазақстандық азамат туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Нұрсұлтан Асылов ана тілімізді жаһанға танытып жүрген жандардың бірі. Еліміздің басты құндылығын әлемге үлгі етіп жүрген бұл азамат «Сі UMass Amherst» университетінің PhD докторанты және шетелде білім алу жөніндегі кеңесші болып қызмет атқарады, - деді Саясат Нұрбек.
Нұрсұлтанның америкалықтарды қазақ тілінде сөйлетуге белсенді үлес қосып келетінін атап өтті.
Дана халқымыз: «жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл», - деп бекер айтпаған. Нұрсұлтанның бұл тұрғыдағы бастамалары берекелі болып, өмір соқпағындағы жетістіктері биіктерге бастасын деген тілектестігімді білдіремін, - деп жазды министр.
Айта кетейік, бұған дейін Еуропада қазақ тілін насихаттап, таралуына өзіндік үлесін қосып жүрген қазақ қызымен сұхбаттасқан едік.