Қазақстандық автоөнеркәсіп өкілдері депутатқа өзекті мәселелер туралы айтты

14 Тамыз, 18:30 560

Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев Алматының индустриялық аймағына жұмыс сапары барысында Hyundai Trans Kazakhstan компаниясына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бір жыл бұрын осы кәсіпорынға келгенімізде Astana Motors компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов автокөліктерді шағын түйінді құрастыруға көшу туралы жоспарын айтқан еді. Бүгін біз жұмыс процесін, жаңа өндіріс желілерін көріп отырмыз. Сонымен қатар электромобильдер, гибридті модельдер мен құрастырылған автокөліктердің бөлшектерін шығаратын зауыттардың құрылыс барысымен таныстық. Бұл бизнес пен Өндірісті дамыту қоры арасындағы ынтымақтастықтың ең жарқын әрі табысты үлгісі, – деді депутат. 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы Жолдауында және биыл 7 ақпандағы Үкімет отырысында локализация мен жергілікті қамтуды арттыра отырып, ірі түйінді құрастырудан шағын түйінді өндіріске көшу міндетін қойған болатын.

Кездесу барысында Азат Перуашев зауыт басшылығымен мұндай кәсіпорындарды одан әрі қолдау бойынша қажетті шараларды және осы тәжірибені мұнай-газ, тау-кен металлургиясы, жол, құрылыс, энергетика сынды салаларда пайдалану мәселелерін талқылады.

EL.KZ
Бөлісу: