11.10.2025
08:23
427
Қазақстандық ауыр атлеттер әлем чемпионатын аяқтады

Қазақстандық ауыр атлеттер әлем чемпионатын аяқтады

Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан Норвегияның Ферде қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Айта кетейік, бұл додада еліміздің намысын төрт спортшы қорғады. Төменде олардың нәтижелері көрсетілген:

79 келіге дейінгі салмақ дәрежесі

- Едіге Емберді - 6-орын

- Петр Хребтов - 13-орын

88 келіге дейінгі салмақ дәрежесі

- Әлібек Рахымберді - 11-орын

110 келіге дейінгі салмақ дәрежесі

- Сұлтан Мейрам - С тобында 1-орын (қорытынды нәтиже А және В топтарындағы спортшылардың өнерінен кейін белгілі болады).