Қазақстандық ауыр атлет жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

24 Қыркүйек, 23:05 371

Испанияның Леон қаласында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Едіге Емберді жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

89 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық зілтемірші қос жаттығу нәтижесінде 352 келіні (153+199) бағындырды.

Бұл аталған чемпионаттағы Қазақстан құрамасына түскен екінші медаль. Бұған дейін 81 келіде өнер көрсеткен Ерасыл Сәулебеков жарыстың қола жүлдегері атанған болатын. Ол қос жаттығу нәтижесінде 344 кг (154+190) зілтемірді бағындырып, үздік үштікке енді.

Зарина Арман
Бөлісу: