Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

5 Ақпан, 16:14 967

Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Сайрамкез Ақмолда күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Сайрамкез Ақмолда күміс жүлдегер атанды. Отандасымыз жұлқа көтеруде 126, серпе көтеруде 166 келіні еңсеріп, қос жаттығудың қорытындысында 292 келі көрсеткішпен 2-орын иеленді.

Ерлер. 67 кг

1-орын – Ри Вон Джи 317 кг (137+180)

2-орын – Сайрамкез Ақмолда 292 кг (126+166)

3-орын – Терават Ратфет 286 кг (128+158)

Ташкенттегі Азия чемпионатында Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік беретін рейтингтік ұпайлар сарапқа салынады. Жарысқа 34 елден 192 атлет қатысып жатыр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: