06.07.2025
19:08
3129
Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатында екі медаль иеленді

Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатында екі медаль иеленді

Қазіргі уақытта Астанада ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

6 шілдеде қазақстандық Ксения Прозорова екі медальға ие болды. Спортшы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Қоссайыстың қорытындысы бойынша ол 194 (89+105) келіні еңсерді. Сондай-ақ, ол жұлқа көтеруде Азия рекордын жаңарты.

Осы нәтижемен Ксения жастар арасындағы чемпионатта екінші орын алды.

Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты (U17)

1. Ксения Прозорова (Қазақстан) – 194 (89+105)
2. Цюи Жао (Қытай) – 187 (86+101)
3. Маржона Абдумуталова (Өзбекстан) – 182 (80+102)

Жастар арасындағы Азия чемпионаты (U20)

1. Гуан-Лин Чень (Тайбэй) – 209 (93+116)
2. Ксения Прозорова (Қазақстан) – 194 (89+105)
3. Тхи Сен Ха (Вьетнам) – 193 (87+106)