Қазақстандық әуе көліктері Новосибирск қаласына қайта ұша бастайды

21 Қараша 2023, 07:16 752

Мәскеу қаласында өткен көлік апталығы аясында Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев ресейлік әріптесі Виталий Савельевпен кездесті, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Тараптар екі ел арасындағы әуе қатынасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады. Екіжақты кездесудің қорытындысы бойынша Qazaq Air әуе көліктерінің Новосибирск қаласына қайта ұша бастауы туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Осылайша, желтоқсан айынан бастап аталған әуе компаниясы Астана–Новосибирск бағыты бойынша рейстерді аптасына 5 рейске дейін және Өскемен–Новосибирск бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілікпен орындауды жоспарлап отыр.

Берік Арманов
Бөлісу: